(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІ МЕН ҚХР ҮКІМЕТІ АР/ҒЫ КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiздемелiк
келісім
(Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамырда)

(2007.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрi «Тараптар» деп аталады)

екi мемлекет арасындағы достық байланыстарды нығайту, мұнай және газ саласындағы олардың ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық өзара толықтыратын сипатта екенiн, сондай-ақ екi мемлекеттiң де экономикалық дамуы үшiн маңызы зор осы саладағы екi елдiң ынтымақтастығын одан әрi кеңейту үшiн географиялық басымды екенiн ескере отырып,

теңдiк, өзара тиiмдiлiк және ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес

төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрi нығайту үшiн екi елдiң кәсiпорындарын қолдау бойынша тиiмдi шаралар қабылдауға келiседi.

2-бап

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында мұнай мен газды барлау, өндiру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі бiрлескен жобаларға өз мемлекеттерiнiң кәсiпорындарының қатысуына, сондай-ақ өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара тиiмдi инвестициялық жағдай жасауға және мемлекеттер кәсiпорындарының рұқсаттарды, жеңілдiктер мен преференцияларды алуына жәрдемдеседi.

3-бап

Тараптар мұнай саясаты, технологиялар, жобалар, сауда мәселелерi бойынша және басқа да салалар бойынша ақпарат алмасуға және консультациялар жүргізуге жәрдемдеседi, екi елдiң мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығын жаңа кезеңге шығаруға мүмкiндiк беретiн мұнай және газ саласындағы өз елдерiнiң кәсiпорындарының ынтымақтастығы үшiн мүмкiндiк бередi және қажеттi қолайлы жағдайлар жасайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.